ҚАЗ   РУС
Ақсай қаласы, Сырым Датов көшесі,1
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ақсай техникалық колледжі
+7 (71133) 355-05 +7 (71133) 353-50
Е-mail: licei_15@mail.ru

Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау мен бұрғылау жұмыстарының технологиясы

Мамандық атауы

Білім беру коды мен бейіні: 0800000 – Мұнайгаз және химиялық өндіріс

Мамандық: 0801000 - Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау мен бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейіндері бойынша)

Біліктілігі: 080108 2 - Бұрғылау қондырғыларының машинисі

Оқу мерзімі: күндізгі

Мөлшерлік оқу мерзімі: Негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім базасында 10 ай

Бір – біріне жақын кәсіптер

Бұрғылау қондырғыларының моторисі; мұнай және газға арналған барлап бұрғылау және пайдалану скважиналарының бұрғышысы; теңізде жүзетін бұрғылау агрегатының бұрғышысы; мұнарақұрастырушы; мұнай және газға арналған барлап бұрғылау және пайдалану скважиналарының бұрғышысының көмекшісі; теңізде жүзетін бұрғылау агрегатының бұрғышысының көмекшісі; электрмен бұрғылау кезіндегі барлап бұрғылау және пайдалану бұрғышысының көмекшісі; цементтейтін агрегат моторисі; скважинаны цементтеу жөніндегі машинист; лаборант; скважинаны көтерудің машинисі; бұрғылау скважиналарының шебері.

Кәсіби қызмет салалары

Қызмет көрсету; өнеркәсіп

Мамандықтың сыныптамасы

Еңбек пәні бойынша мамандық түрлері: Бұрғылау қондырғысының машинисі үнемі артық жұмыстар жүргізуі тиіс, көптеген ақпараттарды жылдам және өз бетімен бағалауы тиіс,механика мен физиканы білуі тиіс, есте сақтауы жақсы және дене күші жағынан төзімді болуы керек.

Мақсат белгісі жөніндегі мамандық түрі:  жаңадан құрастырушы

Еңбек құралын пайдалану бойынша мамандық  түрі: қолмен, механикалық

Еңбек жағдайы бойынша мамандық түрі: күрделі

Мамандық сипаты: орындаушылық (Еңбек сипаты бойынша бұрғылау қондырғысының машинисі белгіленген ереже, нормативтер мен нұсқаулықтарды сақтай отырып, стандартты тапсырмаларды орындайды.)

Мамандыққа сипаттама

Бұрғылау қондырғысының машинисі – бұрғылау қондырғысының құрылымдық кешенін басқару және қызмет етумен айналысатын білікті маман. Бұрғылау қондырғысының машинисі жабдықтар мен автоматтарды бөлшектейді, жинақтайды, бұзылғандарын орталықтандырады және реттейді, қозғалтқыштарға ағымдық және күрделі жөндеулер жүргізеді. Күштеу және бұрғылау жабдықтарындағы, күштеу агрегаттары мен дизель-генератор және басқа станциялар қозғалтқыштарындағы ақаулықтарды ескерту жөніндегі шараларды қолданады. Күштеу агрегаттарының автоматты қорғау жүйелері мен күштеу агрегаттарының газ бөлу және отын беру,майлау, жүйені салқындатудың жөндеулі болуын жүзеге асыру жұмыстарын орындайды, реттейді. Жыл мезгілі мен бұрғылау жағдайларына тәуелді болатын күштеу агрегаттары мен қозғалтқыштардың жұмыс істеу режімдерінің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Техникалық құжаттамалармен жұмыс істеп, схемаларды, сызуларды оқиды. Қазіргі жұмыс жағдайында бұрғылау қондырғысының машинисінен жан – жақты білім, компьютерді білу талап етіледі.

Маманның жеке ерекшелік қабілетіне қойылатын талаптар

Бұрғылау қондырғысының машинисі жауаптылық, адалдық, ұқыптылық, төзімділік, ұстамдылық, күштілік сияқты сапаларды меңгеруі тиіс.

Бұрғылау қондырғысы машинисінің маңызды кәсіби белгілері мыналар:

  • Жақсы денсаулық;
  • Дене күші жағынан төзімділік және күштілік
  • Көздің жақсы көруі;
  • Кеңістікті жақсы бағдарлауы;
  • Дәл көздеушілік;
  • Түсті айыра білушілік;
  • Үйлесімді даму;
  • Нақты қозғалушылық;
  • Зейінділік;
  • Сақтылық;
  • Жақсы есте сақтаушылық;
  • Тез қимылдау

Медициналық қарама - қарсылық

  • Есту, көру, қозғалу аппараттарының қызметтерінің бұзылуы;
  • Психикалық аурулар;
  • Естен тануға жетелейтін аурулар;
  • Салқын тиюге икемді аурулар;
  • Зиянды әдеттер: ішімдік ішу, шылым шегу және т.б.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Бұрғылау қондырғысының машинисі мыналарды білу тиіс:

  • Геология, электротехника, гидравлика, пневматика негіздерін;
  • Бұрғылау және күштеу жабдықтарының белгілерін, құрылысын, жинау-бұзу ережелерін және сипаттамаларын;
  • Бұрғылау мұнарасының құрылымын, бөлшектеу және жинақтау ережелерін;
  • Технологиялық режімдерді, қалыпты және қиындық жағдайларындағы кернмен  және кернсіз скважиналарды кеңейту ережелері мен әдістерін;
  • Бұрғылау- атқылау жұмыстарының төлқұжатын толтырудың мазмұны мен тәртібін;
  • Тау жыныстарының қаттылығын бұзатын шаю сұйықтықтарын дайындау әдістерін, құрамын, қолданылуын және күрделі инъекциялық ерітінділерді;
  • Қолданылатын құралдардың түрлерін, сипаттамаларын, бейімділіктері мен материалдарын;
  • Геологиялық жағдайларды есепке алғандағы бұрғылау процесін басқару тәсілдерін;
  • Техникалық ақаулықтардың пайда болу себептерін, ескерту мен жоюдың шараларын;
  • Жұмыс түрлерінің ережелері мен әдістерін.

Еңбек жағдайы

Бұрғылау қондырғысының машинисі ашық жерлерде, төменгі және жоғары қысымдық жағдайларды жұмыс істейді. Жұмыс бұрғылау бағандарын  тасу және орнату, құбырларды шығару және т.б. байланысты үлкен дене күшін талап етеді. Машинистің жұмыс жағдайы мынадай зиянды және қауіпті факторлармен сипатталады: 

  • Жалпы  тербеліс;
  • Электр желісіндегі жоғары кернеу, адам денесі арқылы өтуі мүмкін тұтылушылық;
  • Жұмыс аймағы не орнының жеткіліксіз не өте жоғары жарықпен қамтылуы;
  • Биіктікте жұмыс істеу;
  • Жұмыстың аусымды режімі (түнгі жұмыстар);
  • Көңіл – күйдің  ауыспалылығы.

Бұрғылау қондырғысының машинисі арнайы киіммен және аяқ киіммен жүреді. Міндетті түрде тыныс алу жолдарын зиянды заттардан  қорғайтын каска және  аккумуляторлық фонарь болуы тиіс.  

Кәсіби бейімділік

Шудың, жарықтың, тербелістің, еңбек процесінің қиындығын, химиялық және микроклиматтық факторлардың әсерлерін қабылдай білуі керек. Ауруларға тәуекелді болуы: тыныс алу органдары, зәр шығару, қан қысымы, асқазан – ішек аурулары.

Талап етілетін кәсіби білімдер

Бұрғылау қондырғысының машинисіне кәсіби білім болуы тиіс. Құрылыс орындарына жаңа техникалардың келуі машинистен білімін қайтадан көтеруді талап етіп отырады, ол үшін қайтадан дайындықтан өтеді. Машинистің біліктілік деңгейі бұрғылау жұмыстарының технологиялық процесіне еркін бағдарлануын, машиналарды дұрыс пайдаланып, жұмысты жұмыс орнында тиімді ұйымдастыруды, еңбекті қорғауды және өрт қаіупсіздігі мен өндірістік санитарияны сақтауды қамтамасыз етеді.

Білім беру мекемесі

Мамандықты алу жолдары: Ақсай техникалық колледжі, өндірістегі оқу (біліктілік дәрежесін көтеру үшін).

Мансаптық өсу

Бұрғылау қондырғысының машинисінің мансаптық өсуі шеберлігінің артуына және кәсіби тәжірибесінің жинақталуына, аралас кәсіптерді меңгеруі мақсатында қосымша білім алуына байланысты. Сонымен қатар алған білімді мұнайгаз саласында қолдана білуі үлкен рөл атқарады. Сондықтан бұрғылау қондырғысының машинисі мамандығын игеру жақын жердегі кәсіпорындарда жұмыс істеумен бірге халықаралық мұнайгаз концерндерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жетекшілік лауазымға ие болу үшін жоғары кәсіби білім алу қажет.

Copyright © 2021
МКҚК "Ақсай техникалық колледжі"

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау
студия "Web-inSite"