ҚАЗ   РУС
Ақсай қаласы, Сырым Датов көшесі,1
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ақсай техникалық колледжі
+7 (71133) 355-05 +7 (71133) 353-50
Е-mail: licei_15@mail.ru

Өнеркәсіптегі электрмеханикалық жабдықтар

Название профессии

Білім коды мен бейіні: 1100000 – Көлік (салалары бойынша). Технологиялық машиналар мен жабдықтар

Мамандық: 1115000 - Өнеркәсіптегі электрмеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

Біліктілігі: 111504 2 - Электр жабдықтарымен қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтері

Оқыту түрі: күндізгі

Оқытудың мөлшерлік мерзімі : Негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай

Туыстас мамандықтар

Трансформаторларды жинаушы. Жартылай автоматтар мен автоматтарды жөндеуші. Аккумуляторлық өндірістегі жартылай автоматтық қондырғыларды жөндеуші. электрқозғалтқыштар моторисі.

Кәсіби қызмет салалары

Қызмет көрсету,  өндіріс

Мамандық сипаттамасы

Еңбекке қатысты мамандывқ түрі: Электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтері үнемі артық жұмыстар жасайды, ақпараттарды жылдам және тез бағалайды, физика мен механиканы білуі тиіс, есте сақтау қабілеті және дене күші төзімді болуы керек
Мақсат қою жағынан кәсіп түрі : түрлендіруші
Еңбек құралын қолдану жағынан кәсіп түрі: қолмен, механикаландырылған
Еңбек жағдайы жағынан кәсіп түрі : күрделі  жағдай
Кәсіп түрі: орындаушылық (бекітілген ережелер, нормативтер мен нұсқаулықтарды сақтау арқылы стандартты тапсырмаларды орындау)

Мамандық сипаты

Электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтері – бұл электр жабдықтарына қызмет көрсетіп, жөндейтін білікті маман.  Электрмонтері – аатоматтар мен күштік жабдықтарды бөлшектейді, жинақтайды, жөндейді, реттейді және қозғалтқыштардың күрделі жөндеуін жүргізеді.  Жабдықтар жұмыстарындағы ақаулықтарды алдын ала ескерту бойынша шаралар қабылдайды, Автоматты қорғау жүйелеріндегі ақаулықтарды реттейді. Жыл мезгілдері мен жағдайларға тәуелді қозғалтқыштардың, күштік агрегаттардың жұмыс режімдерін қамтамасыз етеді. Техникалық құжаттар жұмыстарын, схемларды оқып біледі. Қазіргі жағдайда электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтерінен жан – жақты білім, компьютер білуі талап етіледі.

Маманның жеке ерекшелігіне қойылатын талаптар

Электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтерінен жауаптылық, адалдық, ұқыптылық, шыдамдылық, төзімділік, күштілік сияты жеке сапалар талап етіледі.

Электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтерінің кәсіби маңызды сапаларына мыналар жатады:

  • Мықты денсаулық;
  • Дене күші төзімділігі, күш - қуат
  • Жақсы көру қабілеті болуы;
  • Айналаны жақсы бағдарлауы;
  • Дәл көздеушілік;
  • Түсті айырушылық;
  • Қозғалыс дәлдігі;;
  • Ұқыптылық;
  • Сақтық;
  • Есте сақтау қабілеті;
  • Тез қимылдау;

Дәрігерлік көрсеткіштер

  • Есту, көз, тірек – қозғалтқыш аппараты қызметінің бұзылмауы;
  • Психикалық аурулары болмауы;
  • Естен тану ауруларының болмауы;
  • Салқын тию ауруларына бейім болмауы;
  • Зиянды әдеттерге әуес болмауы: ішімдік, шылым құмарлық және т.б.

Кәсіби дайындығына қойылатын талаптар

Электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтері білуі тиіс:

  • Слесарьлық, слесарьлық – жинақтау, ұсталық және электрлік монтаждау жұмыстарын орындау;
  • Кабельдерді орналастыру (кернеуі  35 кВ –қа дейін);
  • Такелажды жұмыстарды орындау кезінде бірізділік операцияларын сақтау;
  • Сызбларды, эскиздерді, электрлік схемаларды оқи білуі;
  • Типтік электржабдықтары мен приборлардың құрылғыларын реттеу;
  • Ауылшаруашылығы өндірісі мен приборларының электр жабдықьтарына ұсақ және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, техникалық көмек көрсету, диагностиканы орындау;
  • Жәй жүк көтергіш құралдарымен еденнен басқарылатын такелаждық жұмыстарды орындау;
  • Электрлік көлемдерді өлшеуді орындау;
  • Электрмен жарықтандыру схемалары мен технологиялық жабдықтардағы электрлік ақаулықтарды орындау.

Еңбек жағдайы

Электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтері жоғары және төмен темпертураларда, ашық ауада жұмыс істейді. Жұмыс үлкен дегне күшін талап етеді. Еңбек жағдайы зиянды және қауіпті факторлармен сипатталады. Электр желісіндегі жоғары кернеу, тұйықталу адам денесі арқылы өтуі мүмкін.

  • Жұмыс аймағының жеткіліксіз немесе өте жоғары жарықтануы;
  • Биіктіктегі жұмыс;
  • Жұмыстың ауысымдылығы  (түнгі ауысым);
  • Эмоционалды жүктемелік.

Электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтері арнайы киіммен, аяқ киіммен және жеке қорғаныс құралдрымен қамтамасыз етіледі.

Кәсіби тәуекелдік

Шу, тербеліс, ауыр еңбек көрсеткіштерінің зиянды көрсеткіштерін меңгеруі тиіс.

Талап етілетін кәсіби білім

Электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтерінің кәсіби білімі болуы тиіс. Электромонтер жаңа жабдықтардың келіп түсуіне орай дайындықты, білімін арттыруды, қайта дайындалуды жүзеге асырады. Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет етуді жүзеге асыратын білімдік қызметті жүзеге асырады. Электр жабдықтарына қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтерінің біліктілік деңгейі жұмыс орында еңбек жағдайын ұйымдастыра білуге, еңбекті қорғау мен өндірістік санитарияны, өрт қауіпсіздігін сақтау мен машиналардың жұмыс қабілетін пайдалануда технологиялық процестерді орындауға мүмкіндік жасайды.

Білім беру мекемесі

Кәсіби білім алу жолдары: колледж, өндірістегі оқыту.

Мансаптық өсу

Электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтерінің  мансаптық өсуі шеберлігінің артуымен, кәсіби еңбек өтілінің жинақталуымен, аралас білімдерді, қосымша білімдерді игеруімен сипатталады.  Соның ішінде өз білімін барлық өнеркәсіп салаларында қолдана білуі  артықшылық болып саналады. Сондықтан электр жабдықтарымен  қызмет көрсету мен жөндеудің электрмонтерінің  мамандығын игергендер өнеркәсіптің барлық салаларында қызмет етуге мүмкіндік алады. Жетекшілік лауазымдарды иемдену үшін орта және жоғары кәсіби білімі алуы қажет.

Copyright © 2021
МКҚК "Ақсай техникалық колледжі"

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау
студия "Web-inSite"