ҚАЗ   РУС
Ақсай қаласы, Сырым Датов көшесі,1
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ақсай техникалық колледжі
+7 (71133) 355-05 +7 (71133) 353-50
Е-mail: licei_15@mail.ru

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Мамандық атауы

Білім беру коды мен бейіні: 0500000 – Сервис,экономика және басқару

Мамандық: 0508000 – Тамақтандыруды ұйымдастыру

Біліктілік: 0508012 - Аспаз

Оқу түрі: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: Негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай

Жақын мамандықтар

Кондитер, калькулятор, даяшы, бармен, сервис менеджері, наубайханашы

Кәсіби қызмет сфералары

Қоғамдық тамақтандыру мекемелері: мейрамханалар, барлар, асханалар, кондитерлік цехтар, кафелер.

Мамандық сыныптамасы

Еңбек жағдайы бойынша мамандық тұрпаты: Аспаз жартылай фабрикаттардың, тағам мен кулинарлық бұйымдардың технологияларын дамытып, кулинарлық өңдеу кезінде технологиялық процестер бірізділігін және тәсілдерін жетілдіреді. Кулинарлық өңдеулер кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды біліп, сақтай білуі тиіс. Тағам дайындау кезінде технологиялық карталар мен рецепт жинақтарын қолдана білуі тиіс. Технологиялық жабдықтарды пайдалану ережелері мен жұмыс принциптерін, сонымен қатар өнімді жылулық кулинарлық өңдеу тәсілдерін меңгеруі тиіс. Шикізаттың тауарлық сипатын бағалай алуы тиіс және дене күші жағынан төзімді, есте сақтау қабілеті жақсы болуы тиіс.

Мақсаты жағынан мамандық тұрпаты: түрлендіргіш

Еңбек құралын қолдану жағынан: қолдық, механикаландырылған

Еңбек жағдайы жағынан мамандық тұрпаты: орта күрделі

Мамандық сыныбы: орындаушылық ( аспаз кулинарлық өнімге арналған стандартты, санитарлық – эпидемиологиялық ережелерді сақтап, технологиялық карта бойынша тапсырмаларды орындайды.)

Мамандықты сипаттау

Аспаз – шикізатты механикалық жолмен өңдейтін, кулинарлық бұйымдарды жылулық өңдеу арқылы тағам дайындайтын, порцияларға бөле алатын білікті маман. Сонымен қатар дайын тағам сапасын анықтап, өндірістік цехтарда жұмыс орнын ұйымдастыра біледі, шығармашылықпен жұмыстанып, көркем және фантазиялық қабілеті болуы, ұқыпты, сапалы жұмыс жасауы тиіс.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Аспаз ұқыпты, төзімді, шыдамды, мәдениетті, жауапты болуы тиіс.

Кәсіби маңызды сапаларына жататындар:

  • Мықты денсаулық;
  • Көркем иіс сезімі мен фантазиясы болуы;
  • Жақсы көру қабілеті;
  • Кәсіби иіс сезуі;
  • Ұқыптылық;
  • Кәсіби дағдылар; ;
  • Зейінділік;
  • Сақтық;
  • Есте сақтауы жақсы;
  • Тез реакцияда болуы.

Дәрігерлік қайшылықтар

  • тірек – қозғалыс аппаратының, көзінің, естуінің бұзылуы;
  • психикалық аурулар;
  • есінен тану аурулары;
  • салқын тию ауруларына икемділік;
  • зиянды әдеттер: ішімдік, темекі және т.б.

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

Аспаз білуі тиіс:

  • көкөніс, крупа, ет және балық тағамдарының механикалық кулинарлық өңдеу ережелерін (жуу, шаю, тазалау, көкөніс пен жемістерді кесу, етті, балықты мұздандыру, құстарды тазалау әдістерін) ;
  • картоп, көкөніс, саңырауқұлақ, макарон бұйымдары және котлеттен жартылай фабрикаттар қасиетін, кулинарлық белгілерін;
  • сапалы өнімдерді анықтау белгілерін;
  • жылулық өңдеуге дайындауда операциялардың ережелерін, әдістерін және бірізділіктерін;
  • технологиялық жабдықтар, өндірістік инвентарьларды қолдану ережелерін, таразыға өлшеу құралдарын, ыдыстарды күту ережелерін;
  • азаматтар мен тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс.

Еңбек жағдайы

Аспаз қоғамдық тамақтандыру орындарының өндірістік цехтарында төмен және жоғары температурада жұмыс істейді.Жұмыс белгілі бір жабдықтарды, инвентарьларды, инструменттерді қолдануға байланысты болады және ет, балық, көкөністерді өңдейтін өндірістік цехтарда өтеді.  

Аспаз жұмысындағы зиянды және қауіпті факторлар:

  • Өндірістік бөлмелердің төмен және жоғары температурасы
  • Ылғалдылық және ауаның жылдам қозғалысы
  • Жабдықтардың жоғарғы жағынан бөлінетін жылу әсерлері
  • Күйік алу қаупінің мүмкіндігі
  • Өндірістік шулар
  • Көңіл – күй жүктемелері

Аспаз арнайы киім мен аяқ киім, тағамдарды ластанудан қорғайтын қалпақ пен халат киюі тиіс.

Кәсіби қауіптіліктер

Ауыр жұмыс процестерін, жабдықтардың қыздырылған жылулық шарпуларының зиянды әсерлерін, өндірістік бөлменің микроклиматын меңгере алуы тиіс. Қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметкерлерінің өзіне тән ерекшелігі – жұмыс процесінде түрлі адамдардың қарым – қатынасынан және белсенді жұмыстан туындайтын жүйке күйзелісіне шыдамдылық таныту.

Талап етілетін кәсіби білім

Аспаздың кәсіби білімі болуы тиіс.

Нәтижесінде оқу бағдарламасын игеріп, жұмысшы біліктілігін алуы тиіс. Оның деңгейінде мыналарды меңгеруі тиіс: шикізатты кулинарлық өңдеу, шикізаттың жылулық және кулинарлық өңдеу тәсілдерін білуі, кәсіпорын орындарында тағам дайындау процестерін білу, жоспарлы ас мәзірін жасау, көкөніс, балық пен етті түрлі машиналарда, тамақ пісіру аппараттарында, пісіру пештерінде өңдеу, пісіру үшін жабдықтармен жұмыс істей білу, тоңазытқыш жабдықтарын білу. Алған білімдері аталған машиналарда техника қауіпсіздігін сақтай отырып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Білім беру мекемесі

Мамандық алу жолы: Ақсай техникалық колледжіндегі, өндірістегі оқу (біліктілік разрядын арттыру үшін).

Мансаптық өсу

Аспаздың мансаптық өсуі шеберлігін арттырумен және кәсіби тәжірибе жинақтаумен, аралас мамандықтарды меңгеріп, қосымша білім алуға байланысты.

Нарықтық экономика жағдайында қоғамдық тамақтандыру маманынан қазіргі талаптарға сәйкестілік талап етіледі. Тапсырыс берушімен жұмыс істей білу, технологиялық және экономикалық есеп айырысуды білу талап етіледі.

Аспаз мамандығын игергендер қаланың кез – келген қоғамдық тамақтандыру орындарында қызмет істей алады. Жетекшілік лауазымда қызмет істеу үшін жоғары кәсіби білім қажет.

Copyright © 2021
МКҚК "Ақсай техникалық колледжі"

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау
студия "Web-inSite"