ҚАЗ   РУС
Ақсай қаласы, Сырым Датов көшесі,1
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ақсай техникалық колледжі
+7 (71133) 355-05 +7 (71133) 353-50
Е-mail: licei_15@mail.ru

Оқытушылар құрамы

Ақсай техникалық колледжі жоғары педагогикалық және техникалық білімі бар штаттық оқытушылармен қамтылған.

Жоғары және бірінші санаты бар оқытушылар саны жалпы педагогтар санының 47,5 % құрайды. Мамандар дайындаудың сапасы оқытушылар мен өндірістік оқытушыларының кәсіби құзіреттілігіне тікелей тәуелді. Осыған байланысты оқытудың жаңа технологиясы мен әдістерін қолдануға көмек беру, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылық және ғылыми – зерттеушілік қызметін дамыту басты міндеттері болып саналатын әдістемелік қызмет рөлі арта түсуде.

Біздің колледжде 3 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді: гуманитарлық цикл, ғылыми - жаратылыстану циклі және кәсіби цикл. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің артуы, білім мазмұны мен оқу – тәрбие мекемелерінің қызметі принциптерінің қайта құрылуы педагогтардың жеке және кәсіби құзіреттілігіне талапты арттырады. Жыл сайын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері өздерінің кәсіби деңгейлерін арттырып отырады.

Ақсай техникалық колледжінің білікті инженер – педагогикалық ұжымы өз ісін талдай білетін, техникалық және экономикалық негіздерді салыстырып, шешім қабылдай алатын бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайды.


Администрация Гуманитарлық цикл Ғылыми–жаратылыстану цикл Кәсіптік цикл

Copyright © 2021
МКҚК "Ақсай техникалық колледжі"

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау
студия "Web-inSite"