ҚАЗ   РУС
Ақсай қаласы, Сырым Датов көшесі,1
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ақсай техникалық колледжі
+7 (71133) 355-05 +7 (71133) 353-50
Е-mail: licei_15@mail.ru

Мұнай және газ өңдеу технологиясы

Мамандық атаулары

Білім беру коды мен бейіні: 0800000 – Мұнайгаз және химиялық өндіріс

Мамандық: 0819000 – Мұнай және газ өңдеу технологиясы (бейіні бойынша)

Біліктілігі: 0819073 - Техник - технолог

Оқу түрі: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: Негізгі орта білім базасында 3жыл 10 ай

Жақын мамандықтар

Технологиялық қондырғылар операторы, сорап қондырғысының машинисі, компрессорлық қондырғылар машинисі, мұнай айдау стансасының операторы, лаборант, газ және шаңды талқылау лаборанты, инженер-химик, эколог, химик-лаборант, химик-аналитик.

Кәсіби қызмет салалары

Өнеркәсіп

Мамандықтар сыныптамасы

Еңбек пәні бойынша мамандықтар тұрпаты: техник – технолог техникалық жағынан ойлай білуі, нақты, ұқыпты, тәртіпті болуы, ұжымда жұмыс істей білуі тиіс, органикалық, физколлоидты, аналитикалық химияны, механика мен физиканы білуі керек, есте сақтау қабілеті жақсы және дене күші жағынан төзімді болуы тиіс.

Еңбек құралын пайдалану мамандығының тұрпаты: автоматтандырылған

Еңбек жағдайы бойынша мамандық тұрпаты: зауыттарда жұмыс істеу

Мамандықтар сыныбы: орындаушылық (техника-технолог еңбек сипаты бойынша бір тұрпатты еңбек түрлерін жүзеге асырады, белгіленген ережелер, нормативтер мен нұсқаулықтарды сақтай отырып, стандартты тапсырмаларды орындайды. )

Мамандықтарды сипаттау

Техник – технологтың кәсіби қызметінің нысаны – мұнай және газ өңдеу зауыттарындағы қондырғылардың технологиялық процестері, мұнай және газ өнімдерінің күрделі талдауларын өткізу. Техник – технолог процестердің технологиялық параметрлерін бақылап, реттейді, технологиялық жабдықтарды апатсыз пайдалану бойынша бригада жұмыстарын ұйымдастырады, шикізат шығындарының, көмекші материалдар мен реагенттердің мөлшерлерін бақылайды, шикізат сапасы мен өнімнің соңғы сатыларын бақылайды. Сызбаларды оқып, техникалық құжаттармен жұмыстанады, компьютерді меңгереді.

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

Техник-технолог жауаптылық, әділдік, ұқыптылық, тәртіптілік сияқты жеке сапаларды игеруі тиіс.

Техник-технологтың маңызды кәсіби сапаларына жататындар:

  • Мықты денсаулық;
  • Дене күші төзімділігі;
  • Көзінің жақсы көруі;
  • Айналаны аңғарушылығы;
  • Дәл көздеу;
  • Түстерді айыра білушілік;
  • Үйлесімділік;
  • Қозғалыс дәлдігі;
  • Зейінділік;
  • Сақтық;
  • Жақсы есте сақтау қабілеті;
  • Жылдам қимылдау;

Дәрігерлік қайшылықтар

  • Тірек – қозғалыс сүйектері, көз, есту қызметтерінің бұзылуы;
  • Психикалық аурулар;
  • Созылмалы жұқпалы аурулар;
  • Салқын тию ауруларына икемділік;
  • Аллергия;
  • Жүрек – қан тамырлары жүйесінің аурулары;
  • Ас қорыту жүйелерінің аурулары.
  • Кәсіби дайындыққа талаптар

    Технологиялық жабдықтарды апатсыз пайдалану бойынша бригада жұмыстарын ұйымдастыру:

    • Процестің технологиялық режімі нормаларын бақылап, реттеу;
    • Шикізат шығындарын, көмекші материалдар мен реагенттердің  тиімділігін үйлестіру;
    • Қондырғылардың мүмкін болатын апатты жағдайларын ескерту және жою;
    • Жұмыс орнында жұмысшылармен  нұсқаулықтар беруді ұйымдастыру және өткізу;
    • Есеп беру – техникалық құжаттамаларының  дұрыс және уақытылы ресімделуін  бақылау;
    • Жаңа техника мен технологияларды енгізудің экономикалық тиімділігін анықтау;
    • Өндіріс тиімділігін арттырудың резервтерін анықтау және оларды пайдалану бойынша іс – шаралар әзірлеу;
    • Белгілі бір аралық кезең үшін қондырғы жұмысының нәтижесін талқылау;
    • Апатты ескерту мен өндірістік жарақаттану бойынша шаралар жасақтау;
    • Өнім сапасын арттыру мен өзіндік құнын төмендету бойынша шаралар жасақтау.

    Еңбек жағдайы

    Техник – технологтар ұжымда өзі де, мұнай өңдеу зауыттарындағы бірнеше мамандар құрамында да жұмыс істей білуі тиіс (ғылыми – зерттеу лабораторияларында). Техник-технологтар күні бойы бөлме ішінде жұмыс істейді

    Кәсіби қауіптер

    Техник-технолог заттар мен материалдарды талдау үшін мамандандырылған құралдар, еңбектің қолдық құралдарын қолданады. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған, жиі желдетуге мүмкіндігі бар болуы тиіс.

    Талап етілетін кәсіби білім

    Техник-технолог мамандығын кәсіби білім беру ұйымдарында «Мұнай және газ өңдеудің технологиясы» мамандығы бойынша меңгеруге болады, сонымен қатар тікелей өндірісте оқуға мүмкіндігі болуы мүмкін.

    Білім беру мекемесі

    Кәсіби білім алу жолы: Ақсай техникалық колледжі, өндірістегі оқу.

    Мансаптық өсу

    Химиялық талдау жасау шеңберіндегі мамандардың мансаптық өсуі жоғары білім алуларына, ғылыми дамуларына, біліктілігін арттыруларына байланысты.

    Copyright © 2021
    МКҚК "Ақсай техникалық колледжі"

    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

    Сайт жасау
    студия "Web-inSite"