ҚАЗ   РУС
Ақсай қаласы, Сырым Датов көшесі,1
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ақсай техникалық колледжі
+7 (71133) 355-05 +7 (71133) 353-50
Е-mail: licei_15@mail.ru

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және пайдалану

Мамандық атауы

Білім беру және бейіндік коды: Өндіру, құрамалау, пайдалану және жөндеу (әр сала бойынша)

Мамандық: 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және пайдалану»

Біліктілігі: 1201123- Техник-механик

Оқу түрі: күндізгі

Оқу мерзімі: Негізгі орта білім: 3жыл 10 ай негізінде.

Бір – біріне жақын кәсіптер

Слесарь- жөндеуші,  автомеханик.

Кәсіби қызмет салалары

Қызмет көрсету:  қызмет көрсету, өнеркәсіп

Мамандықтың сыныптамасы

Мамандық «адам-техника» түріне жатады. Бұл мамандық түрі кеністіктік елестету қабілетін,  техникалық білімі мен зеректілігін, жақсы қозғалысын,ептілігін жоғары деңгейде қызметкерлерден талап етеді.

Мамандыққа сипаттама

Техник-механик мамандығы автомобиль көлігін пайдалану саласында әмбебаб болып табылады.

Олардын кәсіби даярлығына сәйкес техник-механик, техникалық және технологиялық құжаттама бастапқы өндірістік бірлікті басқару, дамыту және дизайн сияқты,техникалық қызмет көрсету және автокөлік құралдарын жөндеу саласындағы күрделі техникалық жүйелердін жұмысын,кәсіби қызметін жүзеге асырады.Техник-механик маманына көтерме және бөлшек сауда автокөлік құралдары саласындағы комерциялық қызметпен айналысуға болады. Сондай-ақ онын қызметі автотасымалдаулардағы туындайтын проблемалардың  алдын алуға бағытталған.Техник- механиктың міндеттеріне бағынышты қызметкерлерден жұмысты ұйымдастыруды талап ету, автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстармен қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау, қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау жабдықтарын, жұмыс уақытын және операциялық материалдардың ағынын сақтау шоты бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеу кіреді.

Механик- қолданбалы немесе теориялық механика саласында жұмыс істейтін маман. Олар өндірістік обьектілер мен эксплуатациялық механикалық жүйелерге немесе әр түрлі құрылғыларға  техникалық қызмет көрсетеді. Техник-механик маманы технологиялық прогрестің қазіргі өмірінде кең ауқымды, сондықтан да ол өте танымал немесе кең сұранысқа ие. Жұмысшы механиктер автомобильге техникалық қызмет пен жөндеу, автомобильдің техникалық жағдайын көмекші немесе арнайы диагностика жасайтын құралдармен жұмыс жасай алады  және автотранспортарды басқара алады.

Маманның жеке ерекшілігіне қойылатын талаптар

Техник-механик мынандай жеке физикалық қасиеттерге ие болу керек: төзімділігі мен күші, көру қабілеті жоғары, жеңіл қозғалатын, білектердің немесе саусақтардын жінішке бұлшық еттердің   сезімталдығы, жақсы есте сақтау, байыпты назар аудару, сондай-ақ бақылаушы, шыдамды, тәртіпті және жауапты, авариялық дабылдарға тез ірекет ету қабілеттілігі .

Медициналық қарама-қарсылық

Бұл жұмыс жүрек қан тамырлары ауруы, тыңыс алу аурулары, бүйрек пен зәр шығару аурулары, қозғалысы щектеулі, жүйке-жүйелері мен көру немесе есту көрсеткіштері төмен, аллергиясы бар адамдарға ұсынылмайды. Психикалық аурулары бар, естен тану, алкоголь мен темекі пайдаланатын адамдарға рұқсат етілмейді.

Кәсіби дайындығына қойылатын талаптар

Автомеханик: қауіпсіздік техникасын,жөндейтін жабдықтардың құрылысын, агрегаттар мен автомобильдерге қажет өңделген материалдарды, коррозияға төзімді майлау мен майларды, тозған бөлшектерді қалпына келтіру жолдарын, техникалық сипаттамаларды, механизмдер мен жөндеуден кейінгі құрылғыларды,  құрылғылардың дәлдігін немесе классын және оларды арнайы өлшегіш құралдарымен өлшеу техникасын білуі тиіс. Математика мен физикадан білімі болуы тиіс. Бөлшектеу, жөндеу және механизмдерді құрастыруға қабілетті болуы тиіс.

Еңбек талабы

Білікті шебер автокөлік жөндегенде және механизмдерді жөндегенде арнайы жабдықтылған жерлерде, сондай-ақ ашық алаңдарда жұмыстанады. Жұмыс жоғары шыдамдылықты талап етеді, жеке қорғаныс құралдарын қолдануды қажет етеді.

Автокөлік және механизімді жөндейтін шебер анық және нақты құралған мақсаттарды,стандартты және күнделікті тапсырмаларды шешеді.

Кәсіби қауіптілігі

Техник-механик жұмыстары көптеген физикалық күштермен байланысты,сондықтан жүрегі, жүйке-жүйесі, тыныс алу органдары ауыратын адамдарға  ұсынылмайды.

Талап етілетін кәсіби білімі

Бүгінгі күнде автомеханик мамандығына көптеген оқу орындарында оқытады. Жоғары техникалық оқу орны техник-механиктарды дайындайды,техникумдарда автомеханиктерді, а ПТУ-да жай автослесарьларды оқытып шығарады.

Оқу орындары

Мамандық алу жолдары: Ақсай техникалық колледжінде, өндірісте  кәсіби біліктілігін арттыру.

Мансаптық өсуі

Қазңргі таңда әлемде қала көшелері  ресей әне шетел автокөліктерімен толып тұрғандықтан,механик мамандығына сұраныс жоғары..  Механиктердің арқасында  автокөліктердің қызмет көрсету мерзімі айтарлықтай өсуде. Бұл өз негізінде жол көлік оқиғаларынын қауіпін азайтады және жолда жүргізушілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бүгін механик мамандығы өте кең тарағандығына  қарамастан, ірі қалалар мен адамдар көп шоғырланған мегаполистерде қажеттілікке ие. Мамандарды жұмысқа орналастыру агенттіктерінен,газеттер мен веб –сайттардан жұмысқа сұраныс, шақыру туралы мәліметтерді таба аласыз.Кез келген басқа да мамандықтар сияқты  бұл жұмысқа орналасу үшін ең бастысы қызметкерлердің біліктілігі мен   тәжірибесі.Сондықтан техник- механиктер өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырады.  

Copyright © 2021
МКҚК "Ақсай техникалық колледжі"

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау
студия "Web-inSite"