ҚАЗ   РУС
Ақсай қаласы, Сырым Датов көшесі,1
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

Ақсай техникалық колледжі
+7 (71133) 355-05 +7 (71133) 353-50
Е-mail: licei_15@mail.ru

Тәрбие жұмыстары

«Ақсай техникалық колледжі» МКҚК-ның оқу-тәрбие жұмысы барысы

Оқу орнында жастар тәрбиесімен кәсіби деңгейде айналысатын пән оқытушылары, оқу топтарының жетекшілері, колледж психологы, әлеуметтік педагог, оқу орнының өзге де қызметкерлері жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуына, кәсіби жетілуіне жағдай жасайды

Оқу – тәрбие үрдісіне қатысқан оқытушылардың сапалық құрамы талапқа сай, соның ішінде 11 топ жетекшісі, өзге де қызметкерлер білім беру стандарттарына негізделген қызметтік міндеттерін орындайды. Жалпы, тәрбие үрдісіне қатысушы құрылымдар мен бірлестіктер қатарына енген:

1) топ жететкшілері; 2) психолог; 3)әлеуметтік педагог; 4) кітапхана қызметі; 5) секция жетекшілері; 6) әскери – патриоттық тәрбие беру құрылымы; 7) арнайы медициналық топ құрылымы; 8) дамытушылық бағыттағы үйірме жетекшілері; 9) студенттік Бірлестік құрылымы, 10) Ата – аналар Кеңесі; 11) оқу – тәрбие үрдісін жүйелі түрде атқаруға бағытталған құрылымдар, Кеңестер.

Жылдан жылға тәрбие жүйесінің қызметінде сыртқы байланыстарды орнату жұмысына үлкен мән беріліп отырады. Бөрлі аудандық ІІБ, Денсаулық Орталығы, Бөрлі ауданы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, әлеуметтік серіктестік негізінде оқу орнының әр тараптағы мәселелері, жағдайлары оңтайлы шешімін тауып отырғаны сөзсіз.

Оқу-тәрбие ісінің жоспары Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәжірибе тұжырымдамасына негізделе отырып жасалды. Жоспарға тәрбиенің басты 8 бағыты оқшауланып алынып сол бағыттар бойынша жалпы жоспар жасалды.

Ақсай техникалық колледжінде волонтерлік қызмет 2018 жылдан бері әр бағытта жұмыс атқарып келеді. Волонтерлік топ құрамында 183 студент бар. Топ мүшелері аудандық, колледжішілік шараларға белсенді ат салысып отырды. Аудан ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға шаруашылық жағынан көмек беріп (қар тазалау, күз, көктем мезгілінде аула тазалау) отырды.

Copyright © 2021
МКҚК "Ақсай техникалық колледжі"

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Сайт жасау
студия "Web-inSite"